Олар Ураимовқа қарсы қозғалған қылмыстық іске қарсылық білдіріп, қырғыз билігі сөз бостандығына қысым жасап жатыр деп мәлімдеді.
9 ақпанда ҰҚМК Мирлан Ураимовтың ұсталғаны жөнінде хабарлады. Ол әлеуметтік желіге арандатушылық материал жазды деген күдікпен ұсталған. Оған қарсы "билікті күшпен тартып алмақ болды" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Мирлан Ураимовтың жақтастары оның үйіне тінту жүргізілгенін айтады. Ол оппозициялық көзқарасы үшін ұсталды дейді. Оның парламенттегі партияласы Адахан Мадумаров "бұл өзгелер үшін белгі емес пе?" деген мәселе көтерді.