Ссылки доступа

Баткенде адам өлтірді деген күдікпен тәжік азаматы ұсталды 


Баткен облыстық ішкі істер басқармасы Исфана қаласындағы адам өліміне күдікті ретінде 53 жастағы Тәжікстан азаматының ұсталғанын хабарлады.

Милиция мәліметінше, күдікті Өзбекстанда ауыр қылмыс үшін сотталған және Қырғызстанның шекарасынан заңсыз өткен. Қазір милицияның уақытша тергеу абақтысына қамалған.

Осыған дейін Исфана қаласында шәйханада істеп 58 жастағы адамның жоғалып кеткені жөнінде милицияға арыз түскен. Кейін оның денесі шәйхананың көмір сақтайтын орнынан табылған. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұл оқиға бойынша тәжік тарабы түсініктеме бермеді.

XS
SM
MD
LG