Таяуда үкімет басшысының орынбасары Әділ Байсалов Коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі республикалық штабында жиналыс өткізген.
Ол денсаулық сақтау министрлігіне 11 ақпаннан бастап COVID-19 вирусын жұқтырған науқаспен байланыста болған адамды карантинге алу, екпе алған азаматтардан да ПТР тест талап ету ережесін алып тастауға бұйрық берді.
Қырғызстан билігі былтыр 1 желтоқсаннан бастап COVID-19 вирусының омикрон-штамының кең таралуына байланысты елге келетін азаматтардан, екпе алса да ПТР тест талап ету міндеттелген.
Қаңтар айында COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны бірден артты. Ақпан айында бұл көрсеткіш айтарлықтай бәсеңсіген.