Ссылки доступа

Экс-депутат Алиярбек Абжалиев ұсталды  


Ұлттық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік комитет (ҰҚМК) Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты 2 млн АҚШ доллар көлемінде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеді. ҰҚМК күдіктінің аты-жөнін А.А. деп берген. Бішкектің Бірінші май аудандық соты ол Алиярбек Абжалиев екенін растады.  

Арнайы қызмет мәліметіне сәйкес, күдіктіге қарсы кәсіпкер арыз жазған.

9 ақпанда "Заңсыз баю" бабы бойынша айыпталған Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты Алиярбек Абжалиевке қарсы қозғалған қылмыстық істің қысқарғаны белгілі болған. Бұл қылмыстық іс былтыр наурыз айында қозғалған.

ҰҚМК Абжалиев мемлекетке 20 миллион сом төлегенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG