Ссылки доступа

Ашғабад дүкендерінде нан тапшылығынан жанжалдар көбейген 


Түркіменстанда нан тапшылығынан дүкендерде жанжалдар көбейіп, көбі төбелеспен аяқталып жатқан оқиғалар артты. 

9 ақпанда Ашғабадтағы мемлекеттік дүкендердің бірінде кезекте тұрған адамдарға нан жетіспей қалып, соңы төбелеспен аяқталған. Ғимарат терезесі сынған. Сол күні таңғы сағат 4-тен бастап кезекте 100-ден астам адам тұрған.

"Ертемен келген адамдардың көбіне нан жетпей қалды. Наразылық білдіргендер терезені шақты. Мемлекет мүлігіне зиян келді", - деді куәгерлердің бірі.

Дүкен қызметкерлері топталған адамдарды тарқату үшін полиция шақырған.

Түркіменстанның мемлекеттік дүкендерінде нан үкімет белгіленген бағада – 1,2 манаттан сатылады. Бұл Орталық банктің бағамы бойынша 0,34 доллар. Бір адамға үштен артық нан берілмейді. Коммерциялық дүкендерде нан бірнеше есеге қымбат.

XS
SM
MD
LG