Ссылки доступа

Былтыр Тәжікстанда 20 мыңнан астам кәсіпкер жұмысын тоқтатқан


Около 20 тысяч таджикских предпринимателей прекратили деятельность . Почему?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:59 0:00

Былтыр 20 мыңнан астам кәсіпкер қызметін тоқтатты, деп хабарлады Тәжікстанның мемлекет мүлкін басқару және инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитеті.

Комитеттің жауапты қызметкері Самариддин Шамсимадзоданың айтуынша, кәсіпкерлікті тоқтатуға басты себеп - бәсекеге төтеп бере алмау. Бұған қоса, кәсіпкерлер жұмысты дамыту жоспарын дұрыс құра алмайды, маркетинг пен есептеу әдістерін меңгермеген, сонымен бірге салық заңдарын орындамайды, дейді шенеунік.

Тәжік экономисі Фозилжон Фатхуллоевтың пікірінше, кәсіпкерлер негізінен салықтың көп болуынан, толассыз тексерулер салдарынан жұмысын тоқтатып жатыр.

"Билік кәсіпкерлерге қолдау жасамайды. Шағын және орта кәсіптегілердің дені салықтың кесірінен кәсібін жауып жатыр. Жеңілдің қарастырылса, кәсіпкерлер жұмыс істейді. Тағы бір себебі - ұлттық валютаның тұрақсыздығы", - дейді маман.

Мемлекеттік комитет мәліметінше, 2021 жылы Тәжікстан экономикасына 700 млн доллар инвестиция құйылды. Соның 200 млн доллардан астамы Қытайдан тартылды.

XS
SM
MD
LG