Ссылки доступа

Ресейге министрлік арқылы жұмысқа барған өзбек мигранттары көмек сұрады


Өзбекстанның еңбек министрлігі арқылы Ресейдің Смоленск облысындағы балық комибинатына жұмысқа барған азаматтары жұмыссыз, ақшасыз қалғанын хабарлады.

10 ақпанда балық комбинатынан Мәскеуге қашып барған өзбек мигранттары "Озодлик" редакциясынан көмек сұрады.

Отызға жуық азамат жұмыс беруші уәдесінде тұрмады деп отыр.

​– Біз Ресейге құжатпен келдік. Онда мемлекет бізді "жұмыспен қамтуға міндетті" екені айтылған. Фирма міндетін орындамай, бізді жұмыстан шығарып жіберді. Далада қалдық. Смоленскідегі зауытта көп мигрант жұмыссыз қалды, - дейді Фаррух есімді азамат.

Былтыр қараша айының аяғында балық комбинатындағы өзбекстандықтан мәселе көтерген үндеу жариялаған. Сол кезде Өзбекстанның еңбек министрлігінің делегациясы Смоленск облысына келген. Министрліктің баспасөз хатшысы Мавжуда Мирзаева 70 шақты мигрантқа жұмыс беруші тартып алған төлқұжат қайтарылатынын хабарлаған. Соған қарамастан, комбинаттағы мәселе әлі шешілмеген.

Ресей астанасына жеткен өзбек мигранттары жалдамалы пәтерлерге, хостелдерге орналасты. Оларға Мәскеудегі отандастары көмектесті.

Жақында өзбек үкіметті Ресейдегі құрылысқа 10 мың азамат жолдайтынын жариялаған.

XS
SM
MD
LG