Ссылки доступа

Тәліптер Тәжікстан және Өзбекстанмен шекаралас аудандарға мыңдаған сарбаз жібереді


Талибан Ауғанстанның Тәжікстан және Өзбекстанмен шекаралас аудандарына мыңдаған сарбаз бен әскери техника жіберуді көздеп отыр.

Ауғанстан қарулы күштерінің тәліптер бақылауындағы штаб жетекшісінің басшысы Кари Фасихуддин Фитрат осылай мәлімдеді, деп хабарлады "Интерфакс" агенттігі.

Талибанның ресми өкілінің айтуынша, НАТО және АҚШ-тың заманауи әскери технологиясымен жасақталған 10 мың қол әскер Ауғанстанның солтүстік және солтүстік-шығыс провинцияларындағы әскери әрекеттердің кез келгеніне тойтарыс бере алады.

Фитраттың мәлімдеуінше, жақында "қуатты күшке" әскери ұшақтар да қосылады.

Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясы Өзбекстанмен, ал Құндыз, Тохар және Бадахшан провинциялары Тәжікстанмен шекаралас орналасқан.

XS
SM
MD
LG