Елшілік Украинаның мемлекеттік органдарымен байланыста екенін, өзбек азаматтарына мәселе туындаса, бірден дипломатиялық өкілдікке электрондық пошта немесе телефон арқылы хабарласуды сұрады.
Елшілік мәліметіне қарағанда, "Өзбекстан әуе жолдары" әуе компаниясының ұшақтары Киевке тұрақты рейс ұшырып отыр. Азаматтар осы ұшақ арқылы елге қайтуға болады. Бұдан бөлек Киев-Ташкент бағыты бойынша әуе рейстері 16-20 ақпан күндері орындалады.
Осыған дейін әлемнің 30-дан астам елі азаматтарын Украинадан шығып кетуге үндеген.