Ссылки доступа

Құмтөр жанжалы: қырғыз үкіметі Центеррамен келіскенін мәлімдеді


Қырғызстан үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров 15 ақпандағы баспасөз конференциясында Құмтөрге қатысты келіссөздер аяқталуға жақын екенін айтты.

"Біз ақпанның соңы - наурыздың ортасына таман мәселені бейбіт жолмен шешуге келістік, сол кезде ақпараттың бәрі жарияланады, оны парламентке де береміз.

Кәсіпорынға сырттай бақылау орнатқан уақытта есепте 48 мың доллар ғана болған. Олар кәсіпорын тізгінін Қырғызстан қайтарып алатынына 4-5 жыл дайындалған. Ақшаны шетелдегі есептерде ұстаған. Жыл аяғында Құмтөрден 329 млн табыс түсті, бюджетке аударылған таза табыс - 220 млн доллар", - деді Жапаров.

Үкімет басшысы алтын қайда сатылғаны туралы мәлімет берді.

"Бұған дейін 410 тонна алтын шетелге сатылған, енді мүмкіндігінше елде қалдыруға тырысып жатырмыз. Әрбір отбасыда қырғыз алтыны болғанын қалаймыз",

Құмтөрде былтыр 14 мың 561 кг алтын өндірілген.

Құмтөр – Қырғызстандағы ең ірі алтын кені, мұнда жылына 15-17 тонна алтын өндіріледі. Оны осы уақытқа дейін канадалық Centerra Gold Inc. компаниясы "Құмтөр Голд Компания" арқылы өндіріп игеріп келді. Қырғызстанның бұл компаниядағы үлесі 26% болды.

2021 жылы Қырғызстан үкіметі Құмтөр кеніне сырттай басқару енгізді. Бұған келіспеген Centerra Gold Inc халықаралық сотқа жүгінді.

XS
SM
MD
LG