Ссылки доступа

Британия ханзадасы Эндрю өзіне қатысты сексуалдық жанжал бойынша істі жапқызған


Эндрю ханзада

Ұлыбритания патшайымы екінші Елизаветаның ортаншы ұлы Эндрю сот шешімінсіз өзіне тағылған айыпты реттеген. АҚШ-та Вирджинии Джуффренің сексуалдық әлімжеттік көрсетті деген айыбы бойынша оған қылмыстық іс қозғалған.  

Сот құжатына сәйкес, ханзада Джуффренің пайдасына қомақты қайырымдылық жасаған", деп жазады BBC.

Америкалық Йорк герцогын өзін зорлады деп айыптады. Джуффренің сөзінше, ол кәмелеттік жасқа толмаған кезінде кәсіпкер Джеффри Эпштейннің мәжбүрлеуімен ханзадамен жыныстық қатынасқа түскен.

Ханзада Эндрю өзіне тағылған айыптарды бірнеше рет теріске шығарған. Жыл басында ол өзінің әскери атақтары мен патша әулетіне сай міндеттерін тапсырған. 2019 жылы ол Джуффренің шағымы бойынша басталған іске байланысты патша әулетіндегі міндеттерін орындай алмаған.

Америкалық кәсіпкер Джеффри Эпштейн АҚШ-та адам саудасымен айналысты деп айыпталған. 2019 жылдың тамыз айында түрмеде өзіне қол салып, қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG