Ссылки доступа

Түркіменстандық бұрынғы саяси тұтқын президент сайлауына түсетінін мәлімдеді 


Бұрынғы саяси тұтқын Гельды Кяризов Түркіменстанда өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді. Оның видео үндеуін "Түркіменстан азаматтының құқығы мен еркіндігі" деп аталатын құқық қорғаушы ұйымының сайты жариялады.  

Кяризов бұл шешімге қазіргі президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы Сердар сайлауға түсетінін білгеннен кейін барғанын айтады.

Ол президент әулетінің елді династиялық жолмен билеуге көшкеніне наразы.

"Әрқайсының бөлек сарайлары бар, әрқайсысы жеке "Боинг" ұшақпен ұшады. Біз мұның бәрін көріп отырмыз", – дейді Кяризов.

Гельды Кяризов – түркіменнің ат баптаушысы. Ол ақалтеке тұқымын сақтап қалуға атсалысып жүргендерді бірі. Сапармурат Ниязов кезінде ол жылқылар бойынша министр болған. Кейін 2002 жылы қызметін асыра пайдаланды деген айыппен алты жылға сотталған.

Ол бес жыл түрмеде отырып шықты. Түрмеде өзінің азапталғанын мәлімдеген. 2007 жылы Гурбангулы Бердімұхамедов оған рақымшылық берді. 2015 жылы халықаралық құқық қорғаушылардың көмегімен ол отбасымен Мәскеуге көшкен.

Түркіменстанда биыл 12 наурызда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Гурбангулы Бердімұхамедов орнын жастарға беретінін мәлімдеді. Сайлауға оның 40 жастағы ұлы Сердар түсетіні белгілі болды.

XS
SM
MD
LG