Ссылки доступа

Өзбекстанда мәдени мұраларды бүлдіргендер жеті жылға сотталуы мүмкін


Өзбекстанда мемлекет қорғауындағы материалдық мәдени мұра нысандарын жойғандар, бұзғандар немесе бүлдіргендер жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

15 ақпанда осындай заңға қол қойылды, деп хабарлады "Құқық ақпарат" Телеграм-арнасы.

Жаңа заң ережелері Өзбекстанның қылмыстық кодексіне, Әкімшілік жауапкершілік жөніндегі кодекске және басқа да заңдарға енгізілді.

Заңда мәдени мұраларды бұзғандар, бүлдіргендер 3-5 жылға жауапқа тартылатыны айтылған. Материалдық шығын аса көп болған жағдайда, жаза жеті жылға дейін ұзарады.

XS
SM
MD
LG