Мекеме мәліметіне қарағанда, 15 ақпанда өзбек-тәжік шекарасындағы "Ойбек" өткізу бекетінде Тәжікстаннан Ресейге бара жатқан жүк көлігі тексерілген. Нәтижесінде одан жалпы салмағы 229 келі герион заты табылған.
Тәжікстанның тиісті органдары бұл оқиға бойынша ешқандай түсініктеме бермеді. Бұл жүк көлігінің Тәжікстанның кеден бекетінен қалай өткені жөнінде мәліметтер жоқ.
Былтыр қараша айында Тәжікстаннан Ресейге 20,8 тонна жүзім алып бара жатқан жүк көлігі "Ойбек" өткізу бекетінде тексерілгенде, 149,75 келі қара қурай, 4,44 келі апиын және 1,52 келі героин табылған.