Ссылки доступа

"Крым.Реалии" сайтымен жұмыс істеген журналист алты жылға сотталды 


Ресей аннексиялап алған Қырым түбегі аралындағы сот "Крым.Реалии" сайтының штаттан тыс тілшісі Владислав Есипенконы алты жылға еркінен ажыратты. Ресейдің арнайы қызметі оны "жарылғыш зат жасады және оны сақтаған" деп айыптаған. 

Ресей және Украина азаматы Владислав Есипенко 2021 жылы наурызда украин арнайы қызметінің мүддесіне жұмыс істеді деген айыппен Қырымда ұсталған.

Есипенкоға тәуелсіз адвокаттар бір ай бойы кіргізілмеді. Ол алғаш кінәсін мойнына алып, бірақ кейін бас тартқан. Айыпталушы кінәні мойнына алу үшін азапталғанын, оны ұстау кезінде жанына граната салып қойғанын мәлімдеген.

"Азат Еуропа/Азаттық радиосының" президенті Джейми Флай журналистке қатысты сот шешімін ақылға сыймайды деп атады. "Журналистер тек дәйек ғана айтады. Олар ешқашан қамалмауы тиіс. Владислав тезірек босатылып, үйіне, отбасына қайтуы тиіс", - деді Флай.

АҚШ билігі мен халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар журналисті бостандыққа шығаруды талап еткен.

XS
SM
MD
LG