Ссылки доступа

Өзбекстан президенті он күнде халыққа 350 мың бас ұсақ мал таратуды тапсырды


16 ақпанда Өзбекстанда мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жиналыста президент Шавкат Мирзияев он күн ішінде халыққа 350 мың қой мен ешкі таратуды тапсырды.

Президенттің хабарлауынша, ұсақ малды халыққа тарату жұмыстарына бюджеттен 100 миллион доллар бөлінеді.

Аймақтардағы шенеуніктер бір апта ішінде қой және ешкі өсіретін 67 ірі шаруашылық ашуы тиіс.

Аймақ басшылары мал шаруашылығын дамытуға жылына 150 мың адам тартады деп жоспарланған.

Бұның алдында Шавкат Мирзияев құс шаруашылығын дамытуды көздейтін шешімдер қабылдаған. Соның негізінде халыққа тауық, қаз пен үйрек таратылған.

Сарапшылардың айтуынша, бұл шешімдердің нәтижесін халық әзірге көре қойған жоқ.

XS
SM
MD
LG