Ссылки доступа

Өзбекстандағы хакерлер Украинаның мемлекеттік қызмет порталын шабуылдады


Украина цифрлы трансформация министрі Михаил Федоровтың мәлімдеуінше, 15 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 20:00-де елдегі мемлекеттік серверлер мен банктерге хакерлік шабуыл жасалды. Шабуылдар Өзбекстан аумағынан да жасалғаны анықталған.

"Шабуыл Ресей мен Қытай жақтан басталды. Бір секундта шамамен 600 мың пакет зиянды трафик жолданды. Мамандарымыз тез арада шабуылға тойтарыс берді. Алайда одан кейін Чехия мен Өзбекстан жақтан шабуылдар жасала бастады. Олар да бұғатталды. Тұтынушыларға бұл шабуылдардың әсері сезілмеді", — деді Федеров.

Министрдің хабарлауынша, Украина қорғаныс министрлігінің, Приватбанк пен Ошадбанктің сайттары DdoS-шабуылдарға тап болған.

XS
SM
MD
LG