Ссылки доступа

Қырғызстан еңбек мигранттарының жағдайын қиындатқан Ресейге нота жолдады


17 ақпанда Ресейдің сыртқы істер министрлігіне еңбек мигранттарына қатысты жаңа ережелер енгізілуіне байланысты нота жолданды. Қырғызстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады.

Елшілік мәліметінде жаңа көші-қон ережелері күшіне енген соң, медициналық тексеруден, дактилоскопиялық тіркеуден өтуге мәжбүр болған мигранттар түрлі кедергілерге тап болып жатыр. Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысында тиісті анықтама беретін мекемелерде ұзын-сонар кезек пайда болды.

Қырғызстан елшілігі Ресейден Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің азаматтарына тиісті анықтама беретін жеке терезе ашуын сұраған. Елшілік нотасында еңбек мигранттары кезіккен басқа да мәселерді жою жолдары ұсынылған.

Еске салайық, 2021 жылғы 29 желтоқсанда Ресейге жұмыс істеуге келетін шетел азаматты 30 күн ішінде медициналық тексеруден өтіп, дактилоскопиялық тіркеуден өтуі, суретке түсуі тиіс.

Бұған алдында Жогорку Кенеш депутаттары Ресейдегі еңбек мигранттарына қатысты талаптардың күшейгенін сынаған.

XS
SM
MD
LG