Ссылки доступа

OCCRP: тәжік шенеунігі Косим Рохбардың швейцариялық банктегі есебінде $9 млн болған


Косим Рохбар (Косим Косимов)
Косим Рохбар (Косим Косимов)

OCCRP - Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықты зерттеу орталығының зерттеушілері тәжік шенеунігі Косим Рохбардың Швецариядағы банк есебінде қанша ақша жатқанын анықтады. Рохбар бұрын Соғды облысының төрағасы және ауыл шаруашылығы министрі қызметтерін атқарған.

Орталық зерттеушілерінің мәліметінше, шенеуніктің банк есебінде 2004-2011 жылдар аралығында 8 млн. 883 мың 230 швейцариялық франк ($9.642.458) сақталған. Бұл ақшаны жоғары лауазымды шенеунік қайдан алғаны белгісіз.

Заңдарға сәйкес, тәжік шенеуніктеріне шетелде ақша және жылжымайтын мүлік сақтауға тыйым салынған.

Азаттық радиосының тәжік қызметі Косим Рохбардың осы мәселеге қатысты пікірін біле алмады.

OCCRP зерттеушілері Косим Рохбарды тәжік президенті Эмомали Рахмонға жақын шенеунік деп есептейді. Ол кезінде Тәжікстан шетелге шығаратын негізгі екі тауардың бірі - мақта саудасын бақылаған.

Косим Рохбар (Косим Косимов) – 58 жаста. Биыл қаңтарда ол Гиссар қаласының төрағасы қызметіне тағайындалды.

XS
SM
MD
LG