Дереккөздер мәліметінше, жаңа министр сейсенбі күні түстен кейін таныстырылады. Бұл уақытта, сенімді дереккөзге сүйенген "Азия-Плюс" білім министрі қызметіне Хамро Саидзода тағайындалғанын хабарлады. Ол Душанбедегі Ұлттық технологиялық зерттеу университетін басқарады.
Мұхаммадюсуф Имомзода Тәжікстанның білім және ғылым министрі қызметіне 2020 жылғы 24 ақпанда тағайындалған.
Мұхаммадюсуф Имомзода - Педагогика және әлеуметтік ғылымдар академигі, профессор.
Имомзоданың министр қызметінен босағаны жөнінде президент жарлығы әлі жарияланған жоқ.
2021 жылғы 21 желтоқсанда президент Эмомали Рахмон елдегі білім беру жүйесін сынаған.