Ссылки доступа

Қазақстандағы шаруалар биліктен етті шетелге сатуға рұқсат беруін сұрады (видео)


Аграрии Казахстана просят, чтобы им разрешили продавать мясо за границу
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:56 0:00

Аграрии Казахстана просят, чтобы им разрешили продавать мясо за границу

Қазақстандық шаруалар үкіметтен ет пен басқа да азық-түлікке қойылған мораторийді алып тастауын сұрайды. Мұндай тыйым былтыр қарашаның соңында қабылданған.

Үкіметтің осындай мораторий жариялауына былтырғы қуаңшылық, малдың қырылуы түрткі болған.

Қазір аймақтардың көбінде жағдай түзелді. Енді шаруалар етті етті ішкі нарыққа ғана сату тиімсіз екенін түсінді, өйткені билік бағаны ұстап отыр, ол нарық талабына сай емес. Шаруалар етті шетелге, мысалы, Өзбекстанға сатқысы келеді. Көрші елде қазақстандық еттің бір келісін 10 долларға сатып алуға дайын. Ал ішкі нарықта ет шамамен 6 доллар тұрады.

"Бізге ішкі нарықтағы сұранысты өтеуге квота бөлсін. Біз оны орындаймыз. Қалғанын шетелге шығаруға рұқсат берсін. Біз неге табыстан қағылуымыз керек? Дұрыс емес", - дейді қазақстандық шаруалардың атынан сөйлеген Фарид Әбітаев.

Етті шетелге сатуға тыйым салуына байланысты шаруалардың жағдайы қиындады, дейді олар.

Қазақстан ет одағындағылар да үкімет бағаны тежеп отырғанын айтты. Шаруалардың пікірінше, Қазақстан азық-түлік қымбат емес, халықтың табысы төмен. Үкімет бірінші кезекте соны көтеруі керек. Қазақстанда халықтың 45 пайызы ауыл шаруашылығында еңбек етеді, олардың да мүддесі ескерілуі тиіс.

"Халықтың табысы аз. Сол себепті жыл өткен сайын ет сатып алу қиындай береді. Мәселені шаруаларға емес, үкіметке қою керек. Олар халықтың табысын көтеруі тиіс", - дейді Қазақстан ет одағы директоры қызметін атқарушы Асқар Жұбатыров.

XS
SM
MD
LG