Ссылки доступа

Өзбекстан кинематографиясының басшысына 8 млрд сум жымқырғаны үшін 8 млн сум айыппұл салынды


21 ақпанда Ташкенттің Чилинзар ауданының соты Кинематография агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликовқа қатысты әкімшілік іс бойынша үкім шығарды.

Сот шешімімен Фирдавс Абдухаликов мемлекеттік сатып алу заңдарын бұзды деп танылып, оған 8 100 000 сум (шамамен $750) айыппұл салынды.

24 қаңтарда қаржы полициясы Фирдавс Абдухаликов сериалдар сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиядан кем дегенде 8 миллиард сумды әйелі, баласы мен қызына тиесілі компанияларға аударғанын әшкерелеген.

1 ақпанда Абдухоликовқа әкімшілік тәртіпті бұзғаны үшін айып тағылып, оның ісі Чиланзар ауданының сотына жолданған.

XS
SM
MD
LG