Ссылки доступа

Қырғыз-қазақ шекарасында шамамен 180 жүк көлігі кезек күтіп тұр (видео)


Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Ақтілек - автожол" бақылау-өткізу бекетінде шамамен 180 жүк автокөлігі кезекте тұр.

22 ақпанда таңғы сағат 9:30-дағы мәліметті Қырғызстан шекара қызметі жариялады. Қызмет ақпаратына қарағанда, кезектегі 60 жүк көлігі тауарды өткізуге қажетті құжаттарды күтіп тұр.

Қырғыз шекара қызметінің мәліметінше, қырғыз-қазақ шекарасындағы басқа да бекеттерде кезек байқалмайды.

Қызмет жүк көліктеріне Қырғызстаннан Қазақстанға басқа да шекара бекеттері арқылы өтуге болатынын ескертті.

Өткен аптада Қырғызстан қазақ шекарасында жүктерді тексеруге қатысты қиыншылықтар туралы мәлімдеген. Жүк тасушылар Қазақстандағы кеденшілер бекеттерде "негізсіз тексереді" деп шағымданған. Ал Жогорку Кенеш депутаттары көрші елдің мемлекеттік органдарының әрекеті қаншалық заңды деген сауал қойды.

Одан соң екі елдің үкімет өкілдері кездесіп, шекарадағы жағдайды бақылап отыруға келісті.

XS
SM
MD
LG