Ссылки доступа

Тәжікстанда жанар май станциясындағы жарылыстан жарақат алғандардың бірі қаза тапты 


Хатлон облысы Кубодиён ауданында орналасқан жанар май станциясындағы жарылыстан жарақат алған адамдардың бірі қаза тапты. Бұл туралы Озоди радиосы аталған аудандық әкімдіктегі дереккөзіне сүйеніп хабарлады. 

Ақпаратқа қарағанда, көз жұмған адам 41 жастағы Холиёр Нурматов атты жергілікті тұрғын.

21 қаңтарда Кубодиён ауданындағы "Ориё нефть" компаниясына тиесілі май құю станциясында жарылыс болып, 14 адам, оның ішінде әйелдер де жарақат алғаны хабарланған. Олардың екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланған.

Бұдан бөлек жарылыстан 7 көлікке зиян келіп, екі ірі қара мал өлген.

Қазір тиісті органдар жарылыстың себебін анықтап жатыр.

2021 жылы жаз кезінде Хатлон облысы Балхи ауданында май құю станциясында өрт шығып, 9 адам жарақат алған.

XS
SM
MD
LG