Ссылки доступа

Германия депутаты Назарбаевтың отбасына тиесілі 100 млн еуролық мүлікті тәркілеуді сұрады (видео)


Депутат в Германии призвал власти конфисковать недвижимость родственников Назарбаева
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:57 0:00

Германияның Баден-Вюртемберг аймағының депутаты  Йонас Вебер жергілікті билікке қайрылып, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динараға және күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі қымбат мүліктерді тәркілеуді сұрады. Бұл туралы DW басылымы хабарлады. 

"Баден-Вюртемберг аймағы автократтардың бас сауғалайтын жері болып қалмас үшін сізді және жергілікті үкіметті қолдан келген барлық шараларды қолға алып, оның ішінде мүліктерді тәркілеуге шақырамын. Бұл біздің Қазақстандағы демократиялық күштердің алдындағы міндетіміз",- деп жазылған аймақтың премьер-министрі Винфрид Кретчманға жолданған үндеуінде.

Осыған дейін DW Құлыбаевтар және оларға қатысы бар компаниялар Баден-Вюртемберг аймағынан Зеело қаласындағы 100 миллион еуроға бағаланған виллаға, хансарайға және екі қонақ үйге иелік ететіні туралы зерттеу жарияланған.

Мәліметке қарағанда, 19 ғасырда Зеелодағы хансарай белгілі орыс дипломаты, жасырын кеңесші Михаил Хрептовичтің жазғы резиденциясы болған. Ол он жыл бойы қайта жөндеуден өтіп, жалпы бағасы 60 миллион еуроға дейін жеткен.

Құлыбаевтарға хансарайдан басқа тағы үш жылжымайтын мүлік тиесілі – вилла және екі қонақ үй. Хансарайға иелік еткен Schloss Seelach Invest GmbH компаниясы Verus Praedium International қазақ компаниясына тиесілі. Өз кезегінде оған Алматыдағы "Кипрос" компаниясы иелік етеді. Ашық-анықтау реестріндегі тізімге сәйкес, Тимур Құлыбаев Schloss Seelach Invest GmbH компаниясының бенефициары.

Ол реестрге сәйкес, Тимур және Динара Құлыбаевтар Қазақстандағы Mercury Properties компаниясы арқылы Германиядағы Bühlerhöhe Castle Invest GmbH компаниясына иелік етеді. Бұл компанияға Германиядағы екі қонақ үй тиесілі.

XS
SM
MD
LG