Ссылки доступа

Өзбекстанда халықаралық клиника ашылады 


Ауруханалардың Apollo Hospitals of India халықаралық желісі Marathon Group-пен бірлесіп Өзбекстаннан жоғарғы технологиялық жедел-жәрдем клиникасын ашады. Бұл туралы The Times of India басылымы хабарлады. 

Ақпаратқа қарағанда, клиниканың құрылысы 30 миллион долларға бағаланып отыр. Ол алғаш 100 орынға лайықтанып, кейін 200 орынға дейін кеңейтіледі.

Аурухана қатерлі ісік, урология, нейрохирургия, кардиология, жоғарғы деңгейдегі диагностика және ағзаларды трансплантация жасауға әдістенеді. Ол Қырғызстанның, Қазақстанның және Тәжікстанның азаматтарына да емделуге мүмкіндік туғызуы үшін Ферғана облысында салынады.

1983 жылы негізі құрылған ауруханалардың Apollo желісі Үндістанда алғашқы болып АҚШ-тағы халықаралық бірлескен комиссияның халықаралық аккредитациясын алған.

XS
SM
MD
LG