Ссылки доступа

Путин Украинадан Қырымның аннексиясын тануды талап етіп жатыр  


Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу мен Киев ортасындағы жанжалды реттеу үшін Украина Қырым аннексиясын танып, демилитаризацияланып (қарусызданып), НАТО-ға кіру ниетінен бас тартуы керектігін білдірді. 

Оның сөзінше, Ресей "Донецк халықтық республикасы" (ДХР) және "Луганск халықтық республикасы" (ЛХР) деп аталған жікшіл аймақтарды Донецк және Луганск облыстарының Украинаның құрамында болған кездегі шекараларымен таныды. Бүгінгі күні ол облыстардың көпшілік аймағын жікшілдер емес, украин билігі бақылайды.

"Біз бұл республикаларды таныдық. Демек, олардың барлық негізгі құжаттарын, оның ішінде Конституциясын да мойындадық. Конституцияда Донецк және Луганск облыстарының құрамында тұрған кезіндегі шекаралары көрсетілген. Бұл бойынша барлық таласты мәселелер Украинаның және аталған республикалардың биліктерінің ортасындағы сөйлесулер барысында шешіледі деп есептейміз", - деді Путин.

Ресей президенті Мәскеу "ДХР" және "ЛХР" жікшіл аймақтарды танығандықтан, бұдан әрі Минск келісімі жоқ деп есептесе болады деді.

22 ақпанда Ресейдің Федерациялар кеңесі Донбасстағы оқиғаларға байланысты Владимир Путинге орыс армиясын шетелдерде қолдануға рұқсат берген.

21 ақпанда Путин Ресей "ДХР" және "ЛХР" деп аталған жікшіл аймақтарды танығанын жариялап, аталған аймақтарға орыс әскерлері кіргізілетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG