Ссылки доступа

Ресейде мигранттардың медициналық анықтамасының мерзімі бір жылға ұзарды


Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі елге ұзақ уақыт жұмыс істеуге келетін шетел азаматтарының медициналық анықтамасының мерзімін бір жылға ұзартты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі 13 жасқа толмаған шетел азаматтарын ағзада есірткі заттары бар-жоғын тексерудің алып тасталғанын хабарлады. Сонымен бірге, анықтамадағы жұқпалы аурулар тізімінен коронавирус түсіп қалды.

Медициналық тексеруден өтудің жаңа тәртібі биыл 1 наурызда күшіне енеді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

2021 жылғы 1 маусымда Ресей президенті Владимир Путин Ресейге үш айдан астам уақытқа келетін шетел азаматтарын медициналық тексеруден өтуді, саусақ іздерін тапсыруды міндеттеді.

Шетел азаматтары мұндай тексерулерден Ресейге кірген 90 күн ішінде өтуі тиіс. Жұмыс істеуге келген шетел азаматтары оны 30 күнде орындауға міндетті.

Жаңа тәртіпке байланысты Мәскеудегі Сахаров көші-қон орталығында ұзын-сонар кезек пайда болды.

"Ғимаратта ауа жетпейді, терезе жоқ, киім тапсыратын орын да жоқ. Мұнда бір уақытта бірнеше жүз адам қалың киіммен тұр. Отыратын орын жоқ, үлкен кісілер еденде отыр, балалар ұйықтап жатыр", - деп жазды "Медуза" тілшісі.

Бұның алдында Қырғызстан Ресейге жаңа тәртіпті орындаудағы қиыншылықтарға қатысты наразылық нотасын жолдаған.

XS
SM
MD
LG