Ссылки доступа

Таулы Бадахшан белсенділері Тәжікстан билігінен "аймаққа тыныштық беруін" сұрады


Хорог
Хорог

Хорог қаласындағы бірнеше шағын аудан тұрғындары Тәжікстан билігіне үндеуге қол жинап жүр. Ол Тәжікстан билігінен қалада арнайы операция өткізбеуін сұрайды.

Тәжікстан билігіне жолданатын үндеудің көшірмесі Азаттық радиосы Тәжік қызметінің редакциясына түсті. Хорогтағы "Тирчид", "Бархорог" және "Дашти боло" ықшам аудандарының тұрғындары қол жинау жүріп жатқанын растады.

Қол жинау - кең көлемді ақпараттық науқанның бірі ғана. Аймақ белсенділері үш айдан бері әлеуметтік желілерде билікке датын айтып жүр. Тәжікстан билігіне арналған видеоүндеулерде олар Таулы Бадахшанға "тыныштық беруін", қан төгілмеуін сұраған.

Аймақ тұрғыны Шанбе Каландаров видеоүндеулеріне билік жауап бермеді дейді.

Ресми билік аймақтағы жағдайды тұрақты деп сипаттады. Билік өкілдері мұндай мәлімдемесін "Бадахшан" телеарнасы арқылы таратты.

Былтыр қараша айының аяғында Таулы Бадахшан автономиялы облысында төрт күндік митинг болды. Рошткала ауданының тұрғындары Тәжікстан арнайы қызметінің операциясы кезінде оққа ұшқан Гүлбиддин Зиёбековтің сүйегін Хорогтағы алаңға алып шықты. Әскери прокуратура үш ай бұрынғы қақтығыстарға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Алайда жергілікті тұрғындар биліктің қысымына, интернеттің жоқтығына шағымданып отыр. Олар билік автономиялы облыста тағы бір арнайы операция өткізе ме деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG