Ссылки доступа

Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған 6 азаматтың азаптаудан көз жұмғанын растады (видео)


Бас прокуратура өткен айдың басындағы қанды қырғын кезінде ұсталып, азапталған алты адамның көз жұмғанын растады. Мұндай мәліметті Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында айтқан.

Оның айтуынша, бас прокуратура қаңтар оқиғасына байланысты соңы адам өлімімен аяқталған азаптау фактілері туралы істерді қолға алған.

"Біздің мәліметіміз бойынша, осындай жағдайда (азапталған) Алматыдағы уақытша қамау изоляторында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – үш адам, Талдықорғанда бір адам қаза болған. Біз сонымен бірге үтікпен азапталған Талдықорғандағы тергеу изоляторында отырған адамның азапталуы туралы резонансты істі қолға алдық. Тергеу жалғасып жатыр, оның нәтижелерін міндетті түрде хабарлаймыз. Бірақ мұндай қылмыстар жаппай болып жатыр деп айта алмаймын" деді Ризабек Ожаров.

Қазақстана қаңтар оқиғасы кезінде және одан кейін мыңдаған адам ұсталып, жүздеген адам "терроризм", "жаппай тәртіпсіздік", "қару-жарақты ұрлау" және өзге қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынған. Ұсталғандардың көбінің туыстары қамау кезіндегі азаптауларға шағымданды: олардың сөзіне қарағанда, полиция бөлімшелерінде жақындарының үстінен ыстық су құйып, үтікпен және электрошокермен күйдірген, қатты ұрып-соққан.

"Утюг для меня – символ пыток. Поэтому я решил подарить утюг президенту Токаеву"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:33 0:00

Бұған дейін бас прокуратура күштік құрылымдардың ұсталғандарды азаптағаны, оларға "заңсыз тергеу әдістерін" қолданғаны бойынша 200-ге жуық қылмыстық іс ашылғанын хабарлаған. Бірақ белсенділер талабына қарамастан ведомство қанша полицейдің ұсталғанын хабарламады.

Осыған дейін бірқатар белсенділер мен журналистер оқиға кезінде халыққа оқ атқан әскерилер үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етіп, онлайн петицияға қол жинай бастаған. Билік оған реакция білдірмеді.

XS
SM
MD
LG