Әлеуметтік желілерде жарияланған видеодан полиция өкілдерінің бір жігіттің қолын қайырып жатқанын көруге болады. Сол маңда олардың артқы жағынан бір жігіт жүгіріп келіп, полиция қызметкерлеріне қол көтергенін көруге болады.
Айыпталушы Саидакрам мен Умардың әкесі Расулжон Хамроев олардың кінәлі емес екенін, тек қорғануға мәжбүр болғанын айтты. Оның айтуынша, Тәжікстан елшілігі ағайындыларды қорғау үшін адвокат жалдап берген. Тәжік мигранттары тағы екі адвокаттың қызмет ақысын төлеген.
Ресейдің Мәскеу қаласы бойынша тергеу комитеті ұсталғандардың бірі полиция бөлімшесіне барудан бас тартқанын, полицияға қарсылық көрсеткенін, екіншісі полиция өкілдеріне қол көтергенін жеткізді.
Тергеу кезінде Саидакрам "Олар сынған қолымды қайырған кезде, қолыңды тарт деп ғана айттым. Содан кейін бәрі жабылып кетті" деген.