Ссылки доступа

Түркіменстанда президенттікке үміткерлерді тіркеу аяқталды 


Түркіменстанның Орталық сайлау комиссиясы президенттікке тоғыз үміткерді тіркеді. Үш үміткерді саяси партиялар, алтауын бастамашыл топтар ұсынған.  

Президенттің ұлы және өлкенің вице-премьері Сердар Бердімұхамедовпен бәсекелес болатын үміткерлердің аты-жөні әзірге белгісіз. Жергілікті бақылаушылар олардың қазіргі режимге қарсы келмейтінін айтады.

Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдары президенттікке үміткерлерді тіркеу ашық жүріп жатқанын, үміткерлер сайлаушыларымен кездесіп жатқанын хабарлап жатыр.

Шетелдегі түркіменстандықтар да сайлауға қатысатын ниеттерін айтып жатыр.

Олар президент қызметі әкеден балаға өтуін сынап, баламалы өлке басшысын сайлауды талап етіп жатыр.

Конституцияға сәйкес, президенттікке үміткер Түркіменстанда кемінде 15 жыл тұруы тиіс. Сондықтан шетелде босқында жүрген оппозициялық лидерлердің бірі де сайлауға қатыса алмайды.

Түркіменстанда мерзімнен бұрын президент сайлауы 12 наурызда өтеді.

Осыдан 15 жыл бұрын Түркіменстанда өткен президент сайлауы кезінде Гурбангулы Бердімұхамедовтің 90% дауыс алғаны жарияланған. Оған дейін елді марқұм Сапармұрат Ниязов көп жыл басқарған.

Что Бердымухамедов сделал за 15 лет правления и в каком состоянии он передает страну
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:41 0:00

XS
SM
MD
LG