Ссылки доступа

Өзбекстанның ресми өкілдері Кабулда тәліптермен кездесу өткізді 


Кабулде Өзбекстанның ресми делегациясы тәліптермен кездесу өткізді. 

Өзбек делегациясын инвестиция және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков бастап барған. Олар Ауғанстанның уақытша үкіметінің басшысы Абдул Ғани Барадармен кездескен.

"Кездесу барысында инвестиция, сауда, көлік және логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау саласы бойынша ауған-өзбек қарым-қатынасы талқыланды", - делінген министрлік таратқан мәліметте.

Тәліптердің өкілі елде қауіпсіздік шарасын қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалып жатқанын, экономикалық және әлеуметтік жағдайды қалпына келтіріп жатқанын, сонымен бірге жемқорлыққа қарсы күрес жүріп жатқанын жеткізген.

Кездесу барысында "Термез – Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар" теміржол құрылысының жүзеге асу мәселесіне баса назар аударылған.

Ауғанстанды қалпына келтіруге, ауыл шаруашылығын дамытуға және табиғи байлықтарды игеруге өзбек компанияларын тарту мәселесі де көтерілген.

XS
SM
MD
LG