"Украина аумағында ұшу азаматтық авиация үшін өте қауіпті екені ескеріліп, отандық әуе компанияларына Украинаның әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салынды", — делінген комитет мәлімдемесінде.
Мәліметтерге қарағанда, Алматы — Киев ("Эйр Астана" әуе компаниясы, аптасына үш рет), Нұр-Сұлтан — Киев ("Эйр Астана", аптасына бір рет) рейстері ұшпайтын болды.
"Эйр Астана" әуе компаниясы Киевқа қатынайтын рейстердің бәрі 2022 жылдың 7 наурызына дейін тоқтағанын хабарлады.