Ссылки доступа

Ресейдің "Совкомбанкі" Өзбекстанның "Өзагроэкспортбанкін" сатып алды


Ресейдің "Совкомбанк" коммерциялық банкі 4 миллион долларға Өзбекстандағы "Өзагроэкспортбанктің" акцияларының 100% сатып алды.

Ресми мәліметке сәйкес, "Өзагроэкспортбанктің" мемлекеттік акцияларын сатып алуға төрт үміткер болған. Бірақ Өзбекстанның Мемлекеттік активтерді басқару бойынша агенттігі олардың атын ашық айтпады.

Ашық мәліметтер бойынша "Совкомбанк" Ресейдегі ең ірі он банктің қатарына кіреді. 2021жылдың 30 қыркүйегіне қарағанда оның активтері 1,9 триллион рубльді, капиталы 224 миллиард рубльді құрған. Банктің жалпы Ресей бойынша 2 300 бөлімінде 23 мың қызметкер істеп, 12 миллионға жуық тұтынушыға қызмет етеді.

2017 жылы құрылған "Өзагроэкспортбанктің" активтері 2021 жылдың соңында 69 миллиард сумды құраған.

XS
SM
MD
LG