Ссылки доступа

Таулы Бадахшан ішкі істер басқармасына жаңа басшы тағайындалды 


Милиция генералы Шариф Назарзода Тәжікстан ішкі істер министрлігінің Таулы-Бадахшан автоном облысы бойынша басқарма басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы 24 ақпанда тәжік президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Назарзода осыған дейін Душанбе қалалық ішкі істер басқармасын басқарып келген.

"Бұдан бөлек президент бұйрығымен ІІМ-нің Хатлон облыстық, Куляб қалалық, сонымен бірге Хатлон облысындағы Жайхун, Вахш, Темурмалик және Шахритус аудандық ішкі істер басқармасының жаңа басшылары тағайындалды", - деп жазылған мекеме мәлімдемесінде.

Шариф Назарзода Таулы Бадахшанда жағдай ушығып тұрған кезде тағайындалып отыр. Соңғы екі аптадан бері тәжік құқық қорғау органдары Хорог қаласында сол аймақтың биресми лидерлерінің бірі Мамадбокир Мамадбокировты ұстау операциясын жүргізеді деген ақпарат тарап жатыр.

Таулы Бадахшандағы жағдай былтыр қараша айында құқық қорғау органдары өкілдерінің жергілікті тұрғын Гулбиддин Зиёбековті өлтіргеннен кейін ушығып кетті. Аймақ тұрғындары осы оқиғадан кейін жаппай көтеріліп, Зиёбековті өлтіргендерді жазалауды талап еткен.

XS
SM
MD
LG