Ссылки доступа

Петр Сегрт: Тәжікстан құрамасы Азия Кубогының ақтық сынына өтуге тырысады


Тәжікстан футбол құрамасы 2023 жылы Азия Кубогының ақтық сынына жолдама алуға тырысады, деп мәлімдеді құрама бапкері Петр Сегрт.

Тәжікстан футбол федерациясының хабарлауынша, ел құрамасы іріктеу турнирінде "F" тобында Мьянмамен (8 маусым), Сингапурмен (11 маусым) және Қырғызстанмен (14 маусым) кездеседі. Матчтар Бішкекте өтеді.

"Тәжікстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қырғызстан мен Мьянма командаларымен ойнаған. Сол себепті топтағы қарсыластар бізге жақсы таныс. Іріктеу ойындары оңай болмайды. Қарсыластың күшін құрметтеп, маусым айындағы ойындарға тыңғылықты дайындалуымын керек. Мақсат - Азия Кубогының ақтық сынына жолдама алу", – деді Петр Сегрт.

Еске салайық, 55 жастағы хорват маманы Петр Сегрт 27 қаңтарда Тәжікстан ұлттық құрамасының бапкері болып тағайындалды.

Иран, Оңтүстік Корея, БАӘ, Ливан, Ирак, Сирия, Сауд Арабиясы, Жапония, Австралия, Оман, Вьетнам, Қытай және Катар 2023 жылғы Азия Кубогының ақтық сынына жолдама алған.

XS
SM
MD
LG