Ссылки доступа

Өзбек әуе компаниялары Киевке ұшатын рейстерді тоқтатты


Украина әуе кеңістігінің жабық болуына байланысты Ташкент-Киев-Ташкент бағытында 27 ақпан пен 2 наурызға жоспарланған рейстер ұшпайды. "Узбекистон хаво йуллари" компаниясының баспасөз қызметі осылай деп хабарлады.

Әуе компаниясы таратқан мәліметке қарағанда, жолаушылар әуе билеттеріне төлеген ақшасын қайтара алады. Билеттерді басқа бір күнге ауыстыруға болады.

Бұның алдында мәлім болғандай, Sky Up Airlines компаниясының Киевтен Ташкентке бейсенбі күні таңертең ұшқан ұшақ Украина әуе кеңістігінің жабық болуына байланысты Молдова астанасы Кишиневке қонуға мәжбүр болды.

24 ақпанда таңертең Ресейдің Краснодар қаласына ұшқан ұшақ Наманганға қайтып оралды. Ресейдің Украинамен шекаралас Ростов облысының әуе кеңістігі де жабық тұр.

Бұл уақытта, Өзбекстанның Киевтегі елшілігі Украинадан кеткісі келетін өзбекстандықтарды эвакуациялау жоспарын әзірлеп жатыр.

XS
SM
MD
LG