Ссылки доступа

Тәжік кеден қызметкері 9 кг алтын контрабандасына қатысты іске байланысты жұмыстан шығарылды


Международный аэропорт Душанбе
Международный аэропорт Душанбе

Тәжікстан кеден қызметінің Душанбе әуежайындағы жоғары лауазым иесі жұмыстан босатылды. Оның және кеденнің тағы екі қызметкерінің үстінен 9 кг алтынның контрабандасына байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Дереккөз мәліметінше, кеден қызметкерлері астаналық "Жило" зергерлік дүкеніне контрабанда тауарын жеткізуге көмектескен.

Душанбе әуежайы кеден пунктінің басшысы Пулод Шариф жұмысын дұрыс атқармағаны үшін қызметтен алынды, деді дереккөз.

Пулод Шариф Озоди радиосына қызметтен өз еркімен кеткенін мәлімдеген. "Қызметтен кетуімнің алтын контрабандасына ешқандай қатысы жоқ. Төрт жыл жұмыс істеп, өз еркіммен кеткім келді", дейді кеденші.

Бұған дейін мәлім болғандай, Душанбедегі "Жило" зергерлік бұйымдар дүкенінің иесі Гүлнора Тұрсынбаева 24 қаңтарда Душанбе әуежайында 9 кг алтын тауармен ұсталды. Ол тауардың бес келісін елге заңсыз өткізгісі келген.

Еске салайық, был кеденнің үш қызметкері Ауғанстаннан Тәжікстанға 90 кг алтынды заңсыз өткізді деген күдікпен ұсталған. Былтыр сәуірде Душанбе қаласының соты осы іс бойынша тоғыз адамға үкім шығарды.

XS
SM
MD
LG