Мекеме мәліметіне қарағанда, 200-ден астам азамат Тәжікстанға қайтуға өтініш білдірген. Олардың 76-сы Польшаға, 45-сі Мәскеуге шығып кеткен.
"Бүгінгі күні Украинадағы Тәжікстан азаматтары виза алмастан 14 күнге Польшаға, Румынияға және Молдоваға бара алады. Олардың жанында төлқұжаты міндетті түрде болуы керек", - деп жазылған СІМ мәлімдемесінде.
Ресми мәлімет бойынша, Украинада 4 мыңға жуық тәжік азаматы бар. Олардың 101-і студент.