Ссылки доступа

Киевтегі 107 қырғызстандық Венгрияға шығып кетті 


28 ақпанда Украина астанасы Киевтен 107 қырғызстандық, арасында 34 бала Венгрияға шығып кеткенін қырғыз елшісі Идрис Кадыркулов Азаттыққа хабарлады. Автобустарды елшілік ұйымдастырған. 

Украинаның төрт қаласында (Киев, Харьков, Одесса, Львов) қырғыз азаматтарын уақытша қабылдау орны ашылған.

Қырғызстандықтар Украина батысындағы Польша, Румыния, Словакия және Венгрия арқылы эвакуацияланады.

Ресей 24 ақпанда Украинаға шабуыл жасап, басып кірді. Бес күннен бері орыс армиясы Украинаның барлық аймақтарын бомбалап жатыр. Ең қатты шабуыл Киевке жасалды.

Беларусьтың Гомел қаласында Украина мен Ресей делегацияларының сөйлесуі өтті.

XS
SM
MD
LG