Шенеуніктің айтуынша, ресейлік жауынгерлер Украинаның 395 танкін және басқа да бронды техникасын, 59 зымыран кешенін және 179 артиллерия қаруы мен минометін жойды.
Украина қорғаныс министрлігінің 1 наурыздағы дерегі бойынша, Ресейдің 29 ұшағы, 29 тікұшағы, 198 танкі, 846 бронды машинасы, 305 автокөлігі, 74 артиллерия қаруы, 1 "Бук" зенитті зымыран кешені, 77 артиллерия жүйесі, 24 зымыран кешені, 3 дроны, 2 кемесі, 7 әуе қорғанысы кешені жойылды.
Украина қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, алты күнде Ресейдің соғыста қаза тапқан, жараланған және тұтқынға түскен жауынгерлерінің саны 5710-ға жетті. Ресей билігі сарбаздарының Украинада қаза тапқанын мойындағы, бірақ қанша жауынгер опат болғанын хабарламады.