Министрлік мәліметінше, Польшада Өзбекстанның 800-ден астам азаматы елге жете алмай отыр.
"350 азамат Польшаның мемлекеттік шекарасындағы бекетке жиналды, ал 450 азамат Катовице әуежайында отыр", - делінген СІМ таратқан хабарламада.
Өзбекстан министрлігінің мәлімдеуінше, Киевтегі елшілік ұрыс жүріп жатқан Украинадағы өзбекстандықтарды эвакуациялап жатыр. Осы уақытқа дейін 1186 өзбек азаматы елге оралды.