Ссылки доступа

Киевтегі қырғыз азаматтарын эвакуациялау үшін Венгрияға тағы бір автобус жіберілді 


Қырғызстанның Украинадағы елшілігі қырғыз азаматтарын Венгрияға жеткізу үшін тізім жасап жатыр. Бұл туралы Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мекеме атап өткендей, тізімге ену үшін қырғызстандықтар +996 551 312 000 нөмірі арқылы консулдық қызметке хабарласуы керек.

1 наурызда 114 адам Украинадан Венгрия астанасы Будапештке жіберілгені хабарланған. Шекарада оларды дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері күтіп алып, қонақ үйге жайғастырған. Бұдан бөлек тағы 90-нан астам қырғыз азаматы Польшаға шығып кеткен.

Осыған дейін Қырғызстанның СІМ Украинада қауіпсіздік орны жоқ қырғызстандықтар үшін Киев, Харьков және Одесса қалаларында уақытша қабылдау орындары ашылғанын хабарлаған.

Украинада жалпы Қырғызстанның 1350-ден астам азаматы бар. Бірақ олардың 68-і ғана консулдық тіркеуде тұрады.

XS
SM
MD
LG