Ссылки доступа

Алты күн ішінде Украинадан 835 мыңнан астам адам шығып кетті 


Венгриядағы украин босқындары
Венгриядағы украин босқындары

Ресей соғыс бастағалы бері Украинадан 835 мыңнан астам адам шығып кетті. Осылай деп Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссары басшылығының ресми өкілі Шабия Манту білдірді. 

Украиналық босқындарды негізінен Еуропа одағына мүше мемлекеттер мен Молдова қабылдап жатыр.

Осының алдында Польша президенті Анжей Дуда еліне 500 мыңдай адам өткенін мәлімдеген.

Ресей 24 ақпанда Украинаға басып кірді. Бір аптадан бері орыс армиясы Украинаның барлық аймақтарында атқылауды және бомбалауды жалғастырып жатыр. Украин билігі 2 наурыздағы мәлімет бойынша екі мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза болғанын мәлімдеді.

Ресей қорғаныс министрлігі 498 сарбаз қаза болып, 1597-сі жарақат алғанын 2 наурызда ғана мойындады.

XS
SM
MD
LG