Ссылки доступа

Тәжік блогері: билік анамды қамаудан шығару үшін маған талап қойды 


Шохида Мамаджонова мен оның блогер ұлы Шерзод (Абдурахмон) Мамаджонов
Шохида Мамаджонова мен оның блогер ұлы Шерзод (Абдурахмон) Мамаджонов

Германияда тұратын тәжікстандық блогер Шерзод Абдурахмон қамаудағы анасы Шохида Мамажонованы бостандыққа шығару үшін тәжік билігі оған талап қойып жатқанын айтты. 

"Тәжік билігіне жақын адамдар мен елге барып, кешірім сұраған кезде ғана анамды босататынын айтып жатыр. Бұл туралы билік өкілдері Facebook-та фейк парақшасы арқылы да жазған", - деді Абдурахмон.

Әлеуметтік желілерде "Абдурахмон 09" деген есіммен танылған блогер анасының қамауға алынуын өзінің белсенділігімен байланыстырады. Германияда тұратын Мамажонов осыған дейін биліктің қыз-келіншектерге хиджаб киюге тыйым салғанын сынаған.

Шохида Мамажонова 3 ақпанда Вахдаттағы милиция бөліміне шақырылып, сол бойы үйіне оралмады. Тәжікстанның ішкі істер министрлігі 8 ақпанда оның қамауға алынғанын растады.

Туыстарының айтуынша, Мамажонова елде тыйым салынған "Группа 24" қозғалысымен қатысы бар деген күдікке ілінген. Егер ол кінәлі деп танылса, 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG