Ссылки доступа

Берік Асылов бас прокурор болып тағайындалды


Бейсенбі күні сенат пленарлық отырыста Берік Асыловты бас прокурор ретінде тағайындау туралы ұсыныспен келісіп, оның кандидатурасын мақұлдады.

Көп ұзамай Ақорда сайтында оның бас прокурор ретінде тағайындалғаны туралы жарлық шықты.

56 жастағы Берік Асылов 2019 жылдың наурызынан бүгінге дейін бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ол бұл қызметті 2010-2011 жылдары да атқарған. 2017-2019 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысының, 2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуроры болған.

25 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Нұрдәулетовті бас прокурор қызметінен босатып, Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы етіп тағайындаған.

2021 жылдың қыркүйек айынан бері Қазақстан президенті жанындағы Адам құқықтары комиссиясына мүше Берік Асылов 3 наурызда Азаттық тілшісінің "қаңтар оқиғасында қаза болған адамдардың аты-жөні қашан жариялайсыздар?" деген сұрағына нақты жауап бере алмады. "Бұл тізім міндетті түрде жарияланады. Міндетті түрде оған қатысасыздар. Қазір оған түсініктеме бере алмаймын. Қашан екенін айта алмаймын" деді.

XS
SM
MD
LG