Ссылки доступа

Қырғыз-тәжік шекарасында аяғынан айырылған тәжікстандық протез ала алмай жатыр (видео)


Темурали Наврузов
Темурали Наврузов

Тәжікстанның Темурали Наврузов есімді тұрғыны бірнеше айдан бері тапсырыс берген протезін күтіп жатыр.  

Ол былтыр сәуір айында қырғыз-тәжік шекарасында болған жанжал кезінде зардап шеккен. Дәрігерлер оның аяғын кескен, билік протезбен қамтамасыз етуге уәде берген.

Озоди радиосы хабарлағандай, жанжал кезінде мина Наврузовтардың үйінің жанында жарылған. Оның салдарынан отбасының бес мүшесі әртүрлі деңгейде жарақат алған.

Темуралидің әкесі Мансуржон Наврузовтың айтуынша, ұлы аяғынан айырылғаннан кейін әйелі қант ауруына шалдыққан.

“Бізді қырсық торып алды. Көп жылдан бері жерді игеріп, отбасымызды бағып келдік. Былтыр Темурали жараланғаннан кейін жер қаралмай қалды. Қазір жерді игеруге ақша жоқ”, - дейді Мансуржон Наврузов.

Бобожон Гафуров ауылының төрағасы Давлатбек Зафарзода ақпан айында журналистерге берген сұқбатында Наврузовтан өтініш түскенін, бұл мәселені шешіп жатқанын жеткізген. Бірақ ол қашан шешілетінін айтқан емес.

Таджикистанец, раненый на границе с Кыргызстаном, не может получить протез для ноги
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:58 0:00

Былтыр сәуір айында Қырғызстан мен Тәжікстан арасында қанды оқиға болған. Жанжал кезінде қырғыз тараптан 36 адам қаза тауып, 154-і жараланған. Тәжікстан жағынан 19 адам мерт болып, 87-сі жараланған.

XS
SM
MD
LG