Ссылки доступа

Дума Ресей армиясы туралы "фейк" таратқандарды 15 жылға дейін соттайтын заң жобасын мақұлдады


Заседание Госдумы
Заседание Госдумы

Ресей мемлекеттік думасы жұма күні ресейлік жауынгерлердің Украинадағы әрекеттері жөнінде жалған мәлімет таратқандарды қылмыстық жауапқа тартуды қарастыратын заң жобасын бірден үш оқылымда мақұлдады. Заң бұзғандар бірнеше жылға сотталады.

Заң жобасы қабылданған жағдайда, қылмыстық кодекске жаңа бап енгізіледі. Сот армия әрекетіне қатысты мәліметті жалған деп таныса, оны таратқан адамға айыппұл салынады немес үш жылға дейін колонияға жіберіледі. Фейк таратқан адамның қызмет бабын пайдаланғаны, жалған мәліметті әдейі таратқаны анықталса, күдікті 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Фейктердің зардабы ауыр болған жағдайда, оның авторлары 15 жылға бас бостандығынан айрылады.

Заң жобасында азаматтардың басқа да жауапкершілігі туралы айтылған. Мәселен, Ресейге қарсы санкция салуға үндегендер де жауапқа тартылады.

4 ақпанға қараған түні Ресейдегі бірнеше ақпарат құралының сайттары, сонымен бірге Facebook пен Twitter әлеуметтік желілері бұғатталды. Олардың арасында Азаттық Радиосының Орыс қызметі де бар.

XS
SM
MD
LG