Ссылки доступа

Қырғызстанда Ресейдің миграциялық орталығы ашылмақ 


2022 жылдың жазына дейін Қырғызстанның Бішкек және Ош қалаларында Ресейдің миграциялық орталығы ашылмақ. 

Қырғызстанның СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Алмаз Имангазиев 4 наурызда бұл мәселені Мәскеу облысы "Сахарово" көп функционалды миграциялық орталықтың басшылығымен талқылаған.

СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Алмаз Имангазиев орыс тарапқа ЕАЭҚ-қа мүше елдердің азаматтарына қажетті құжаттарды жеңілдету үшін өтініш білдірген. Ресейдің миграциялық орталықтың жетекшілігі бұл өтініштерді қарап шығуға дайын екенін білдірген.

Нәтижесінде мекеме Мәскеуде және облыста жүрген қырғызстандықтарға сағат 13:30-дан 17:00-ке дейін миграция орталығына бару ұсынылған.

Қырғызстанда миграциялық орталық ашуды ақпан айында Жогорку Кеңеш төрағасы Талант Мамытов Мәскеу Мемлекеттік думаның төрағасы Вячеслав Володинмен кездесу кезінде де айтқан.

Ресейде мигранттарға енгізген жаңа талап бойынша соңғы кездері миграция орталығында кезек көбейді.

Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанның 1 миллион 118 мың азаматы шетелде жұмыс істейді, олардың миллионы Ресейде жүр.

XS
SM
MD
LG